Жаз-ата ауылындағы жарқын істер жан жадыратады

Жаз-ата ауылындағы жарқын істер жан жадыратады
 0 57

      Атақты Шәмшінің әніне арқау болып, қалалардай сәулеті, ағыл-тегіл дәулеті бар, Шудың бойын жайлаған маңғаз Мойынқұм өңірі бүгінде өндірісі өркендеген қуатты өлкеге айналып келеді. Әсіресе ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы көз қуантып, көңіл жадыратады. Аудан әкімі Әлихан Балқыбековтің айтуынша, өңірдің жан-жақты өркендеп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, тиімді экономикалық климат қалыптастыру мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізілуде екен. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттыруға нақты шаралар белгіленді. Енді осы бағыттағы ілкімді істерді қолға алып, жүйелі жұмыстарға көшеміз. Бұл үшін алдымызға жұмыр жоспарлар қойып отырмыз», – дейді Әлихан Әбіләшұлы.

Өнеркәсіптің тынысы кеңейіп келеді
Ауданның негізгі экономикалық 2 бағыты өнеркәсіп пен ауыл шаруа- шылығы саласы екендігі белгілі. Өткен жылы ауданның негізгі саласы 11 өнеркәсіп орындарымен 86,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 7,9 миллиардқа артқан. Дегенмен өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,0 пайызды құрап отыр. Оның себебі – өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібі 79 631,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға орындалған. Атап айтсақ, «Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай филиалы өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 1856,0 келі алтын өнімін өндіріп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,0 келіге кеміген. Алтын өнімі Ақбақай ауылындағы «Карерьное» кенішінде шикізат қорының азаюынан, жаңа ашылған «Олимпийское» кен орнына көшуіне байланысты өнім көлемі төмендеген. Сондай-ақ «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-мен былтыр өндірілген өнім көлемі 1 578,2 мың тонна цементті құрап, алдыңғы жылмен салыс- тырғанда 13,8 мың тоннаға кем болған. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-де дәл осындай мәселе туындауда. Серіктестік былтыр 1060,0 мың тонна клинкер өндіргенімен, 2020 жылға қарағанда өнім көлемі 91,9 мың тоннаға азайып кеткен. Себебі Жамбыл цемент өндірістік компаниясында техникалық жұмыстар жүргізілуіне орай «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясынан ажыратылған. Салдарынан зауытта 3 күнге жұмыстар тоқтатылып, өнім көлемі азайған екен.
– Ауданда өнеркәсіп өнім көлемдерін арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланудың тиімділігін арттыра отырып, биылғы жылы жаңа инвестициялық жоба «Turan Industry» ЖШС – «Табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салу» жобасы толық қуаттылықта жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Мыңарал ауылында алтын кен өндіру және өңдеу» бойынша «Satellite GS» ЖШС-нің жобасын іске қосу жоспарланған, – дейді аудан әкімі.
Өлкеде былтырдың қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция- лардың жалпы көлемі 33,1 миллиард теңгені құрап, 16,8 пайызға артқан. Инвестиция көлемінің артуына аудан аумағы арқылы өтетін «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары оң әсерін тигізіп отырған көрінеді.

Құрылыс саласы қарқын алуда
Мойынқұмда құрылыс саласына да едәуір көңіл бөлінуде. Соның дәлелі – құрылыс жұмыстарының көлемі 28,5 миллиард теңге болып, 6,8 миллиардқа ұлғайған. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша Айдарлы және Биназар ауылдарында спорттық сауықтыру кешендерін соғуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынса, тағы 2 жоба 100 пайыз дайын тұр екен. Бұдан бөлек, Көкжелек және Қылышбай ауылындарында 90 орынды клуб соғу, Күшаман ауылында клуб ғимаратын жаңғырту жұмыстарына да мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бұл қатарда Мойынқұм ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебіне, Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепке, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебіне күрделі жөндеу және Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебінің жарылған орындарын күшейту жұмыстары да бар. Барлық дайындалған жобалардың құрылыс, мәдениет, білім басқармаларына бюджеттік өтінімдері ұсынылып, қаржы бөлінуі күтілуде. Осы орайда бөлшек сауда айналымы 2,5 миллиард теңгеге жетіп, 633,1 миллион теңгеге өскенін ерекше атап өткен жөн.
Ауыл шаруашылығы алшаң басуда
«Малшылардың маршалы» атанған Жазылбек Қуанышбаевтай Еңбек Ерін тудырған Мойынқұммен ауыл шаруа- шылығы қашанда егіз ұғым. Дегенмен былтыр өңірде ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі біршама төмендеген. Әсіресе мал мен құс бағытында сойылған немесе союға өткізілген еттің мөлшері азайған. Бұдан бөлек, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі де кем орындалған. Оның себебі – аудан бойынша 5662,0 гектар суармалы жер алқабына егін егу жоспарлы түрде егілген болатын. Алайда ағын судың тапшылығынан 4629,0 гектар жер алқабынан өнім алынып, 1033 гектарға егін шықпай қалған. Осындай жайттардың салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі түсіп кеткен. Алайда сүт пен жұмыртқа өндірісінің көлемі едәуір ұлғайған. Сонымен қатар өткен жылы «Байбарақ АГРО» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің егін шаруашылығына берген өтініштері бойынша минералды тыңайтқыштар және жүгері тұқымын алуға жалпы құны 509,9 мың теңгеге субсидия төленген. Ал мал азығын дайындауды ауданның 22 шаруа қожалығы жүргізсе, сырттан Байзақ, Қордай және Шу аудандарынан 4 шаруа қожалығы қатысқан. Соның нәтижесінде басқа өңірлерге 6150 тонна мал азығы дайындалып сатылған. Сонымен қатар аудандық бюджеттен 57,5 миллион теңге қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 17,8 шақырымды құрайтын 4 тоғанға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 22 дана гидроқондырғы орнатылған. Биылғы жылы да ауылдардың тоғандарының 9,8 шақырымын механикалық тазалау жұмыстарына аудандық бюджеттен 9,1 миллион теңге қаржы бөлініп отыр екен.

Баспана бақытына  кенелгендер көп
Мойынқұмда халықты баспанамен қамту мәселесі де оңтайлы шешілуде. Мәселен, былтыр пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 16,9 мың шаршы метрді құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 4,4 есеге артқан. Яғни Мойынқұм ауылында 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Ақбақай ауылында «Алтыналмас АК» Акционерлік қоғамы Ақбақай филиалында буферлік қалашықтың құрылысы тәмамдалып, есігін айқара ашты.
– Қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй алу үшін кезекке 110 азамат тіркелген. 2020 жылы 4 қабатты жатақхананың 1-ші және 2-ші қабаттары ағымдағы жөндеуден өтіп, 11 отбасына берілген болатын. Аталған ғимараттың 3-ші және 4-ші қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 58,0 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, жөндеу жұмыстары биыл жасалмақ. Бұған қоса ағымдағы жылы 4 тұрғын үйдің құрылысын салуға жоба дайын. Жоба құны 166,6 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаржыландыруға облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды, – дейді аудан әкімі Әлихан Балқыбеков.
Өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы да жемісін беруде. Жоба шеңберінде 9 отбасына баспана көмегін көрсету жоспарланған болатын. Оның 5-і жаңа құрылыс, 4-і күрделі жөндеуден өткізу. Барлық үйлер бүгінде тұрғындар игілігіне берілген.

Жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылуда
Ауданда өткен жылы 16 шаруа қожалығына тиесілі 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумағы 14112,3 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 240,3 гектары суармалы егістік, 50,0 гектары шабындық, 13822,0 гектары жайылымдық жер. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғаса бермек.
Тақтайдай тегіс жолдар – қауіпсіздік кепілі
Бүгінде өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100 пайызға жетіп отыр. Осы мақсатта жол жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарына 482,2 миллион теңге қаржы бөлініп игерілген. Жалпы 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Оның ішінде Мыңарал ауылында жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды құрайтын 2 көше, Бірлік ауылындағы жалпы ұзындығы 7,6 шақырымдық 10 көше, Биназар ауылындағы жалпы ұзындығы 2,0 шақырымды құрайтын 3 көше және Қылышбай ауылындағы жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өткен. Ал биыл Қарабөгет, Құмөзек, Мойынқұм, Күшаман және Айдарлы ауылдарындағы жалпы ұзындығы 10,3 шақырым ауылішілік жолдарды орташа жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына 287,2 миллион теңге қаржы қарастырылған.

19 елді мекен ауыз сумен қамтылған
Өңірдегі 24 елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Айталық, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы 742,9 миллион теңгеге жүргізіліп, ел игілігіне берілсе, Мойынқұм ауылындағы 11 көшедегі ескірген ауыз су құбырларына 100,0 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Айдарлы ауылында ауыз су құбыр- лары желісі 53,0 миллион теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілген. Сонымен қоса Қылышбай ауылын- да 2019-2020 жылдары 372,3 миллион теңгеге су қабылдау имараттарының 2 кезеңінің құрылысы жүргізілген болатын. Алайда суды тұщытатын мембранды қондырғы жобада қаралмағандықтан, жоба өтпелі болып қалып, өткен жылы мембранды қондыр- ғы орнату үшін аудандық бюджеттен 25,5 миллион теңге қаржы қарастырылып, жұмыстары аяқталған. Енді алдағы уақытта Ақсүйек, Ақбақай, Хантау, Көкжелек, Бірлік ауылдарының тұрғындары да таза ауыз су тұтына алады.
9 ауылға көгілдір отын кіреді
Таяу арада аудандағы 9 елді мекен көгілдір отынның қызығына кенелмек. Нақтырақ айтсақ, Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм және Қылышбай ауылдарына газбен жабдықтау құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылысы жұмысының жер учаскесін заңдастыру үшін жерге орналастыру және жер учаскесіне мемлекеттік актісін алу жұмыстары жүргізілген. Аталған жұмыстарға жобалық-сметалық құжаттама жасауға қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсына берілген.
Әлеуметтің әлеуеті артуда
Былтыр жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке қазынадан 27,1 миллион теңге бөлініп, 102 отбасының 558 мүшесіне мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, толық төленген. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған 117 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 7,1 миллион теңге қаржы төленсе, биыл бұл мақсатқа 112,8 миллион теңге жұмсалмақ екен. Бұдан бөлек, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге орай ауданда 971 отбасына жалпы құны 14,2 миллион теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілген.
Жұмыссыздықпен күрес жүйелі жүргізілуде
Ауданда жұмыссыздықпен күресу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның дәлелі – жұмыссыздық деңгейі 4,9-дан 4,5 пайызға төмендеген. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2021 жылға қаралған 665,7 миллион теңге толығымен игеріліп, 999 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 30 адам оқытылып, барлығы жұмыспен қамтылған. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 197 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, 27 азаматқа 97,6 миллион теңге көлемінде несие берілсе, 123 азамат 71,6 миллион теңгенің қайтарымсыз грантын иеленген. Әлеуметтік жұмыс орындарына 154 адам уақытша жұмыспен қамтылса, Жастар практикасымен 101 жас жұмысқа орна- ласқан. Қоғамдық жұмыстарға 815 адам тартылған.
Білім сапасының көрсеткіштері көңіл көншітеді
Бүгінгі күнге ауданда 45 білім беру мекемесі бар. Онда ағымдағы оқу жылында 5883 оқушы білім алуда. Білім саласына баса назар аударудың нәтижесінде өткен оқу жылын 297 түлек аяқтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуге 213-і қатысқан. Тестілеудегі орташа балл 70,5-ті құраған. Мектептерді дезинфекциялау жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Сондай-ақ аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 439 оқушыға бір реттік көрсетілетін көмек ретінде ата-аналарының есепшоттарына 32,5 мың теңгеден, барлығы 14,3 миллион теңге аударылған. Осы орайда аудандағы 31 білім беру мекемесінің қазандығы аудан әкімдігінің көпсалалы мамандандырылған «Мойынқұм су-жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына өтеусіз пайдалануына берілгенін айта кеткен жөн. Барлық білім беру мекемелері қысқы отынмен толығымен қамтамасыз етілген. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасына келсек, жоба аясында былтыр ауданымыздың елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген 49 маманға жалпы сомасы 14,3 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленсе, 38 маманға 163,4 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алынып берілген. Ал биыл осы мақсатта 100 маманға тұрғын үй сатып алуға 30,6 миллион теңге, үй салуға 24 маманға 110,3 миллион қаржы қарастырылған.
Бұқараның денсаулығы – басты назарда
Жалпы аудан халқына 25 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 226 адамды құрап отыр. Оның ішінде, өкінішке қарай, 3 адам қайтыс болып, 223-і емделіп шыққан. Коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы 50 төсек қоры жасақталған. Былтыр екпе салу жоспары 15 034 адам болса, 1-тур бойынша 15 119 адам, 2-тур бойынша 14 600 адам егілген. Ревакцинация бойынша жоспар 6876 адам болса, оның 4057-і салдырған. Бірақ бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Сондай-ақ аудан бойынша 101 нысанға «ASHYQ» қосымшасының QR-коды алынып, 101 нысанға енгізілген. Ал өткен жылы 4 мониторингтік топ тарапынан 360 рейд жұмыстары жүргізіліп, 32 хаттама толтырылып, 1 356 405 теңгеге айыппұл өндірілсе, 87 510 теңге көлеміндегі 1 айыппұл мәжбүрлеп өндіру үшін сотқа жолданған.

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғаны баршаға мәлім. Соның жарқын көрінісін Мойынқұм ауданынан көруге болады. Олай дейтініміз, былтырдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 644 өтініш келіп түскен. Сонымен қатар 20 рет жеке қабылдау өткізіліп, 59 адам өтінішпен қайырылған. Оның 16 өтініші толығымен шешілсе, 13-і жеке бақылауға алынған. Қалған мәселелердің де түйіні кезең-кезеңімен тарқатылуда.
      Осылайша аудан тізгінін  қолға алған Әлихан Әбіләшұлының басшылығымен Мойынқұм ауданында жарқын істер жүзеге асып жатқанына көзіміз жетті. Киелі өлке әлі де табыстың тайқазанын тасытып, толайым жетістіктерге қол жеткізетініне сенім мол.
Жасай бер, жаса, Жаз-ата ауылы!

 

Құрбанәлі ШАХАБАЙ, Мойынқұм ауданы
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 65
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799