Жазға қарай теңге құнды болады

Жазға қарай теңге құнды болады

Санкциялардың салдары біздің теңгемізге қатты әсерін тигізіп жатыр. Оның Қазақстан халқына келтірер зияны да бар. Себебі үлкен девальвациялық жағдайлар орын алып жатса қымбатшылыққа да әсері болады. Сырттан келетін тауарлар бірден қымбаттайды. Сырттан шикізат алып келіп, бізде дайын өнімді құрастыратын компаниялар өздерінің өнімінің үстіне тағы да баға қосады. Бұл белгілі дәрежеде қымбатшылықты туғызады. Төлем қабілеттілігіне әсер етеді. Азаматтарымыздың төлем қабілеті төмендегеннен кейін, табыс та біраз жұтайды. Бұл – ақиқат.

Алайда таяқтың екі ұшы бар деген. Сондықтан бұл санкциялардың Қазақстан үшін де пайдалы тұстары бар. Сол мүмкіндіктерді жіберіп алмауымыз керек. Бірінші кезекте ол мұнай-газ саласына қатысты. Егер де Ресейді толығымен эмбарго жариялап жатса, онда Қазақстан өз мұнайын шетелге сатуға мүмкіндік алады. Мұнай нарығындағы бағалардың жақсы жағдайы бұл біздің ұлттық қорымыздың кірістілігін қосымша тағы 2 трлн теңгеге арттырады.

Азаматтарымыз үшін ең маңыздысы, осындай қиын жағдайлар әлемде болып жатқан кезде сабырлық сақтап, депрессияға, стреске берілмей, мүмкіндігінше тұнық ойда болу керек. Себебі ой тұнық болмаса, сіз эмоцияда болсаңыз, қандай да бір қате шешімдерге ұрынасыз. Әсіресе қаржылық тақырыпқа келгенде, теңгемді қалай сақтаймын, доллар аламын ба, алмаймын ба? Осындай кезде қатты эмоцияға берілмеу керек. Қаржыгердің заңы бар – бәрі сатып жатқан кезде, сіз өз мүлкіңізді сатпаңыз, бәрі сатып алып жатқан кезде, сіз сатып алмаңыз. Екі жағдайда да ұтылып қаласыз. Сондықтан да осының жағдайына қарау керек. Долларды бәрі сатып алуға жүгіріп жатыр ма, сіз бармаңыз. Бәрі өзінің үйін, көлігін сатып жатыр ма, сіз сатпаңыз. Қай жерде болсын, көпшілік жағдай орын алғанда ол жерде спекуляция, халықты кішкене алдау болады. Өйткені әркім өзінің табысын табуға тырысады. Сондықтан сабырлықпен, салмақтылықпен шешім қабылдау керек.

«Standart and Poors» компаниясы – әлемдегі ең үздік рейтингтік компаниялардың бірі. Соның ішінде. «Standart and Poors», «Fitch Ratings», «Moody’s» деген үшеуі бар. Жақында «Fitch Ratings», «Moody’s»-тің сараптамалық рейтингін күтеміз. Бірақ «Standart and Poors» Қазақстанның несиелік рейтингісін үш В (ВВВ) деңгейінде бағалауы тұрақты жағдай. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ. Ертең Қазақстан ақырын-ақырын өсімге қарай бет алады деген сөз. Бұл жерде бір маңызды мәселені айтқым келеді. Дәл осы компания Ресейдің несиелік рейтингісін 3 С (-ССС) дәрежеге дейін түсіріп тастады. Ондай жағдайда Ресейден инвестиция кетеді деген сөз. Бүкіл инвесторлар Ресейдің құнды қағаздарына, облигацияларына ақша салған инвесторлар кетеді деген сөз. Осы тұрғыдан келгенде Орта Азия шеңберінде біздің рейтингіміз көш бастап тұр. Бұл жағынан тағы бір мүмкіндік ретінде қарау керек. Яғни Қазақстанның инвестициялық, несиелік рейтингтері жақсарып келе жатыр. 

Американың да саясаты бар. Олар 16 наурызда доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін көтереміз деп отыр. Доллардың құнын арттырады. Бұл факторлар да теңгемізге белгілі дәрежеде салмақ түсіреді. Ұлттық банк барынша интервенция жасап, теңгенің құнын ұстап тұруға тырысып жатыр. Қазірдің өзінде жасалған интервенция 500 миллион доллардан асқан. Бұл аз ақша емес. Оның көлемі миллиард доллардан асса, теңгеміз тіптен құлдырайды. Ұлттық банк оны ұстап тұруға тырыспайды. Сонда доллар бағамы анағұрлым қымбаттап кетеді.

Әлемде мұнай бағасы әлі түскен жоқ. Одан бөлек, шетелдік рейтинг агенттігінің «теңге жазға қарай құнды болады» деген болжамы шықты. Ондағы сарапшылар да қара алтынның құнын біліп айтып отыр.

 

Мақсат Халық
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593