Жазғы лагерь маусымы басталды

Жазғы лагерь   маусымы басталды

Жуырда Абай атындағы Атырау облыстық оқушылар орталығында «Бақытты балалық шақ – жайдарлы жаз» және «Жайдарлы жаз – 2026» бейіндік лагерьлерінің ашылу салтанаты өтті.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Меңдіғалиеваның айтуынша, биылғы лагерь алты кезең бойынша жұмыс істеп, 2400-ге жуық баланы қабылдайды.

– Бүгінде лагерьге Атырау қаласымен қатар, облыстың аудан-қалаларынан 400-ге жуық бала ата-аналарының келісімімен қатысып отыр. Лагерь балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған, – деді ол.

Биыл өңірдегі жазғы сауықтыру және демалыс шаралары 154 300 баланың 95 пайызын қамтиды. Осы мақсатта мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жанынан бейіндік және киіз үй-палаталық лагерьлер ұйымдастырылады.

Салтанатты шара барысында орталық тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұсынып, өз өнерлерін көрсетті.

 

А. ХАМИТТЕГІ
04.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 38
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 42
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 42

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42493
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38341
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42862