Жазушы-публицист, Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев): 1,5 млн қандасымыз атажұртқа оралуға ниетті

Жазушы-публицист, Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев): 1,5 млн қандасымыз атажұртқа оралуға ниетті

«Біздің қазіргі территориямызда кем дегенде 70-100 млн халық өмір сүруі керек», – дейді филология ғылымының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы «Ана тілі» газетінің соңғы нөмірінде жарияланған «Қандастар Қазақстанға, Қазақстан қандастарға мұқтаж» атты көлемді сұхбатында. Бұл Дүкеннің ұзақ жылдардан бері баспасөзде, басқа да көпшілік ортада үнемі қайталаудан жалықпайтын ұрансөзі. Сұхбатта Дүкен шетелдерде тұратын қандастарымызды елге қайтарудың өзекті мәселесін кезекті рет көтеріп отыр. Ол өз ойын «біздің жан санымыз 70-100 млн демей-ақ қояйын, 50 млн-ға жетсе, сонда ғана тәуелсіздіктің, мемлекеттің тағдырына алаңдамай күн кешуге болады» деп тұжырымдайды. Ғалым диаспора, ирредента деген ұғымдарға түсінік береді.

Бір ұлт өкілдерінің өз елінен екінші бір елге ерікті-еріксіз қоныс аударып, өзге халықпен қатар тұрып жатқан бөлігін диаспора деп атайды. Айталық, Германиядағы қазақ ұлтының өкілдері, Қазақстандағы неміс, орыс, белорус, кәріс, грек, чешен т.б. ұлт өкілдері диаспора саналады. Ал өздерінің ежелгі атамекенінде тарихи өмір сүріп келе жатқан, бірақ біртұтас ұлттан ата қонысымен бірге бөлініп қалған бөлігі ғылыми тұрғыда ирредента аталады. Қытайдағы, Ресейдегі, Өзбекстандағы, Моңғолиядағы қазақтар осының мысалы. Қазіргі жаһандану дәуірінде өз атамекенінде ұлтымыздың етек-жеңін жинақтап алмасақ, енді алдағы 20-30 жылда шетелдердегі қандастарымыз агрессивті ассимиляция салдарынан ұлттық идентификациясын жоғалтып алуы, яғни сол жердегі басым ұлттарға сіңіп кетуі әбден ықтимал. Дүкеннің осындай алаңдаушылығына мен де қосыламын. 

Ресми деректерге қарағанда, 1991 жылдан бергі 34 жылда 1 миллион 200 мыңдай ағайынымыз елге оралыпты. Бұл, әрине, құптарлық цифр. Бірақ біз қанағаттанатындай деңгейде емес. Қазақстандағы қазақтар саны бүгінде 77-78 пайызға жетіп қалды. Алайда «статистикалық ойындар» салдарынан бұл цифрлар үнемі төмендетіліп көрсетіледі. 

Шетелдерден қазақтарды көшіріп алу үдерісіне К.Мәсімов Үкіметі кезінде үлкен тосқауыл қойылғаны есімізде. «Қазақ тілін бір жылдың ішінде үйреніп аламын» деп уәде берген «сабаз» Үкімет басындағы екі мерзімінде қазақ тілін үйренбек түгілі «Қайта шапқан жау жаман» демекші, шетелдердегі қазақтарды тарихи отанына қайтару шараларын тұралатып тынды. Басында жалаулатқанымен, экс-президент Н.Назарбаев та бұл мәселелерді аяқсыз қалдырумен аты шықты.

Дүкен ініміз «Отандастар қорының» ресми мәліметтеріне сүйене отырып, дәл қазірдің өзінде шетелдерде өмір сүріп жатқан ағайындардың арасынан 1,5 миллион қандасымыз Отанға оралуға ниет білдіріп отырғанын айтады. Оны жүзеге асыру үшін қажетті бес шартты алға тартады.

Оның ішінде жергілікті билік немесе құқық қорғау органдары тарапынан қисынсыз қысастық жасалмай, керісінше, құжатнама бойынша барынша жеңілдіктер жасалуын аса маңызды деп есептеймін. Сондай-ақ зейнет жасындағы қандастардың еңбек өтіліне қарай лайық зейнетақы тағайындауы, балаларының мектепке, балабақшаға бірден қабылдануы қандастар легінің еселенуіне ықпал етер еді.

Мұның бәрі Үкіметтің кешенді бағдарламасынсыз жүзеге аса қоюы екіталай. Біздің еліміз үшін мемлекетшілдік аса тапшы қасиет екенін білеміз. Бірақ Отанымыздың ертеңі үшін осы іске мүдделілікпен атсалысу отаншылдықтың ерекше көрінісі болар еді. Ұсынысқа Үкімет қолдауы қажет!

07.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 68
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 38
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15801
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19165