Зейнет жасына мораторий жарияланды

Зейнет жасына мораторий жарияланды

Қазақ қоғамындағы ең өзекті проблеманың біріне айналған «Әйелдердің зейнет жасын өсіру» болатын. Бұл жайында өткен жиындар мен кеңестерде шек жоқ. Тіпті Парламентте де сөз болған. Қызметте жүрген небір апалар мен әжелер бұл мәселені қолдап, Еуропалық стандартқа балап «қолдау» білдірген. Күйінген халық «Айналайындар-ау, Еуропа қайда, біз қайда? Жетпіске дейін күтіммен жүрген сендер мен ауылдың әйелдері тең бе?» деп шу да шыққан. Бұл мәселе ушығып тұр еді, күні кеше Президент Тоқаев халыққа жолдауында бұл мәселеге нүкте қойды. Сол-ақ екен әйелдердің зейнет жасын көтеруге мораторий жарияланатыны айтыла бастады. Яғни әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды 2028 жылға дейін тоқтату үшін арнайы заң қабылданбақ.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті. «Бұдан басқа, алпыс бір жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы бірінші қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем тағайындау кезеңінің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады», – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, ол әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін ұлғаятынын атап өтті. «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу жоспарланған», – деді министр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639