Жеңіс тұғырынан көрінді

Жеңіс тұғырынан көрінді
Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінің спорт залында кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толу құрметіне арналған үстел тенисінен аудандық турнир өткізіліп, аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Турнирге аудан мекеме, кәсіпорын, мектеп, ауыл, қала әкімдіктерінен барлығы 18 команда қатысты. "Қазфосфат" ЖШС "Қаратау" тау кен өңдеу кешенінің үстел теннисі бойынша командасы да осы айтулы жарысқа қатысты. Жақсы дайындықпен келген кешен командасы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, турнирдің бас жүлдесі аудан әкімінің кубогына ие болды. Бас жүлде үшін болған финалдық ойында "Қаратау" ТКӨК командасы Еврохим командасын 2:1 есебімен ұтты. Жүлделі екінші орын Еврохим командасына, үшінші орын көпсалалы колледж ұжымына бұйырды. Кешен құрама командасының құрамында бас энергетик Прекешов Н.Ә., электро монтерлер А. Түсіпбекова, Қарақұлов Ғ, маркшейдер Өтепбергенов К өнер көрсеткен еді. Жеңіс тұғырынан көрінген команда мүшелерін "Қазфосфат"ЖШС бас директорының" Қаратау"тау кен өңдеу кешені жөніндегі орынбасары Макишев М. М қабылдады. Кешеннің атын биіктен көрсеткен спортшыларға құтты болсын! Әрдайым биікте болыңыздар деген тілек айтамыз.
Диханбай Акдилда
18.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 237
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 216
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 215

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20541
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20338
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35438
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34010
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37864