Зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде
Қала аумағындағы жабайы сауда орындарын ретке келтіру мақсатында Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №63-ө өкіміне сәйкес, жұмыс тобы құрылған болатын. Жоғарыда аталған өкім негізінде жұмысшы топ мүшелерімен Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов көшелері, «Мыңбұлақ» және «Алатау» шағын ауданы және тағы басқа жерлерде заңсыз орналасқан дүңгіршектер мен жабайы сауда орындарына зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
📌Нәтижесінде бөлім мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе, жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс жерлерде сауда жасайтын кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 15 ескерту жасап, 5 заңсыз дүңгіршек алып тасталынды. Сонымен қатар, аталған саудагерлерге бөлім тарапынан қаладағы бос сауда орындары бар «Ауыл Береке», «Grand Bazaar» және «Орталық базар»-ларына көшуге ұсыныс айтылды.
🔹Бұған қоса базар басшылары мен сауда жасайтын кәсіпкерлермен сауда орындарын ретке келтіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз сауда жасаған азаматтарға ескертулер берілуде.
🔹Тараз қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, 11 айдың көлемінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 1 316 тұлғаға хаттама толтырылып, оның ішінде 1 292 тұлғаға ескерту жасалып, 24 тұлғаға 465 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Тараз қаласының әкімдігі
28.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8921
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526