Зерендіде каолин байыту фабрикасы ашылды

Зерендіде каолин байыту фабрикасы ашылды

Зеренді ауданының Бірлестік ауылында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің каолинді байыту фабрикасы ашылды. Ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің бас директоры Марат Хасенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастығы өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов фабриканың ашылуымен көпшілікті құттықтап, облыстағы соңғы уақытта атқарылып жатқан жетістіктерге тоқталды.

Ернар Жаркешов: 

«Qazaq Kaolin» кәсіпорнының ашылуы – облысымызға инвестиция тартуда атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстың бір парасы. Кәсіпорын ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрды. Бүгінде бұл мәселе өз шешімін тауып, инвестор келуінің нәтижесінде өндіріс қайта жанданды. Осындай бірлескен жобалардың нәтижесінде өңір өркендеп, жаңа өндіріс орындары пайдалануға берілуімен, жұмыс орындары ашылып, экономика қарқынды дами беретін болады. Алғашқы кезеңде кәсіпорында шамамен 90 жұмыс орны ашылады, ал орташа жалақы 650 мың теңге шамасында. Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, жоғары құны бар өнімдерді, оның ішінде керамикалық плитка мен өзге де құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізатты шығаруды жоспарлап отыр», – деп, көпшілікті қуантты.

Келесі кезекте сөз алған «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің бас директоры Марат Хасенов: 

«Бүгін біз жай ғана фабриканы іске қосып отырған жоқпыз. Біз жаңа өндірісті, жаңа жұмыс орындарын және өңір мен Қазақстанның отандық өнеркәсібін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып отырмыз», – деді.

Шара барысында қонақтар әлемдік және отандық жетекші өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылған жаңа өндірістің каолин байытудағы алғашқы партиясын өндіру үдерісімен танысты.

Айта кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Бірлестік және Қонысбай ауылдарына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, қосалқы электр станциясы мен электр желілері жаңғыртылып, көше жарығы жөнделді, мектептер, балабақшалар және ойын алаңдары жөндеуден өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тұрақты қолдау көрсетілуде.

  Бетті дайындаған – Дахан ШӨКШИР

08.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26454
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25884
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43280
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43677