ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 6 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 6 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ
Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 6 нысан бой көтермек. Бүгін ауданға арнайы ат басын бұрған БАҚ өкілдері жоба аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты.
Өткен жылы Жетісай қаласынан 1 500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы басталған болатын. Ал, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық және Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы қарқын алды. Аталған мектептер 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Аталған мектептер - пәндік кабинеттермен, робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сондай-ақ, мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ. Бұдан бөлек, Жетісай ауданында жаңа оқу жылына 5 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 1 мектеп күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 532
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 534
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 459

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20853
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20636
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35768
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34290
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38168