ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 60 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 60 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН
Жетісай ауданында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы - 64,2 млрд теңге, сауда - 28,3 млрд теңге, өнеркәсіп - 9,9 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі - 7,1 млрд теңге, тартылған инвестиция көлемі - 26,2 млрд теңге және құрылыс көлемі - 9,9 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Жетісай ауданында соңғы бес жылда 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек, аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 959 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүзеге асатын құны 25,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар аясында 1 803 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 47,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба орналасады. Онда 1 862 жаңа жұмыс орнын құрылады»,-деді аудан әкімі.
Спикердің сөзінше, биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Сонымен қатар, биыл 1,2 гектар жерге жылыжайлардың құрылысы салынып, олардың көлемі 23 гектарға жеткен. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілген. Сондай-ақ, мақта дақылынан 105 мың тонна өнім алынған.
Айта кетейік, бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы «Ауыл аманаты» бағдарламасына еніп отыр. Осы ретте жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362