ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданында құрылысы жүргізілген 6 медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру нысандарының тағы біреуі жаңа жыл қарсаңында ел игілігіне тапсырылды.
Жылы су ауылдық округінің Баққоныс елді мекенінде бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Жалпы сметалық құны 275,5 млн теңге. Мұнда енді 4 дәрігер 1300-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін болады.
Денсаулық сақтау нысанының салтанатты ашылуына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық «Жетісай» орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады. Денсаулық сақтау нысанының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің аса қажетті білікті кадрлармен және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, медициналық нысанның елге көмек көрсетуге толық дайын екенін айтты.
Лента қию рәсімінен кейін қонақтар фельдшерлік-акушерлік бекетті аралып көріп, ондағы заманауи үлгідегі әйелдерді қарап-тексеру, екпе егу, профилактикалық қарау, дұрыс тамақтану мектебі, дені сау бала, стерилизация, қақырық жинау, тұрмыстық шаруашылық және дәріхана бөлмелерінің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, аудандық «Жетісай» орталық ауруханасына қарасты 285 орындық 1 аурухана мен 1 аудандық, 1 қалалық емханада, 1 бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету орталығы мен 9 дәрігерлік амбулаторияда, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 медициналық пунктте 1214 ақ халатты еңбек етіп келеді. Денсаулық сақтау нысандарында 85 262 адам тіркелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 404
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 390
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 436

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13476
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753