ЖЕТІСАЙДА АЯУЛЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА АЯУЛЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді, шаңырақтың шаттығы мен берекесін тербеткен ақ жаулықты аналардың көктеммен бірге келетін «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі Жетісай ауданында жоғары деңгейде салтанатты түрде аталып өтті. «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы мен аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен «Айбарлыхан» мейрамханасында өткен іс-шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысып, нәзік жандыларды айтулы мерекелерімен құттықтады.
Өз мамандықтарын жетік меңгерген және қоғамдық істерге белсене қатысып жүргендерге, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен еңбек ардагерлеріне сый-құрмет көрсетіп, мерекелік медальдармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Аталмыш шараға жиналғандарға аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 642
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 816
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 796

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19566
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19381
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34505
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33065
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36890