Жетісу шағынауданында жаңа балалар алаңы ашылды

Жетісу шағынауданында жаңа балалар алаңы ашылды

Тараз қаласының Жетісу шағынауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді. Көптен күткен нысанның салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне тұспа-тұс келіп, тұрғындардың қуанышын еселей түсті.

Нысанның ашылу салтанатына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде балалардың игілігіне бағытталған жұмыстар мен аулаларды абаттандыру қала және аудан әкімдіктерінің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

– Балалардың көзіндегі қуанышты көру – біз үшін үлкен мәртебе. Бүлдіршіндердің балалық шағына арналған осындай алаңдар – олардың бақытты әрі белсенді өсуіне жасалған жағдай. Бұл – біздің ортақ міндетіміз, – деді қала әкімі.

Айта кету керек, жаңа ойын алаңы орнатылған жер телімі бұған дейін жеке меншікке тиесілі болған. Меншік иелері оны мемлекет меншігіне беруге келісім білдіріп, әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Мұны тұрғындар да ерекше ризашылықпен қабылдады.

Салтанатты рәсімнен кейін іс-шара жылы әрі көңілді атмосферада жалғасты. Балалар асыға күткен сырғанақтар мен әткеншектерді алғашқылардың бірі болып сынап көрсе, ата-аналар оларға қуана қарап, мәз-мейрам болды. Жергілікті тұрғындар қонақжайлылық танытып, алаң жанында дастарқан жайып, меймандарды дәмге шақырды. Іс-шара барысында Бақытжан Орынбеков шағынауданда алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстар туралы да баяндады. Айтуынша, жақын арада тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жобасы қолға алынбақ. Сонымен қатар, келесі жылы шатырларды жөндеу және үйлердің сыртқы көрінісін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

– Біз тек осы бір алаңмен тоқтап қалмаймыз. Алда үйлердің қасбеттерін жөндеу, шатырларын ауыстыру, аулаларды көркейту сияқты ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мақсатымыз – Тараз қаласының әрбір бұрышы заманауи, жайлы және әдемі болуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта тұрғындармен бірлесіп нәтижеге жететінімізге сенемін, – деді қала әкімі.

Жетісу шағынауданының тұрғындары бұл оқиғаны көптен күткен болатын. Жергілікті тұрғын Олжас Сарыбеков бұрын балалардың ойнайтын қауіпсіз алаңы болмағанын айтты.

– Бұрын балаларымыз аулада, арнайы құрал-жабдықсыз ойнайтын. Бұл олардың қауіпсіздігі үшін үлкен мәселе еді. Енді міне, заманауи әрі ыңғайлы ойын алаңы пайда болды. Ең бастысы – балалар үйдің жанында, ата-анасының бақылауында болады, – дейді ол.

Жаңа алаң бүлдіршіндерге шаттық сыйлап қана қоймай, ата-аналарға да сенімділік сыйлады. Енді олар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдамайтын болады. 

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,

Тараз қаласы

 

11.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17673
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17517
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32701
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34945