ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағыстихиялық қоқыс орындары тазартылды. 

 

Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлеміспутниктің көмегімен, аэро түсірілім арқылы анықталған болатын. Қазіргі таңда сол орындарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. Жалпы, стихиялық қоқыс орындарын тазалау жұмыстары мердігер мекемелердің күшімен жыл бойы атқарылмақ. 

 

Талдықорған қаласы бойынша аталған жұмыстарды «Жаксымбет» ЖШС жүзеге асырады. Жыл басынан бері облыс орталығында 12 орын анықталып, 273 м3 қоқыстан тазартылды. Бүгінгі күнге 2 стихиялық қоқыс орнында тазалық жұмыстары жүргізіліп, 35 м3 қоқыс шығарылды.

 

Сонымен қатар, қаланың 100 жуық еріктілері, студенттер мен «Жетісу жастары» орталығының қызметкерлері қала көшелерін тұрмыстық қоқыс пен бос бөтелкелерден тазартты. Тазалық акциясы барысында жиналған қоқыстар қайта өңдеу орталықтарына жіберілетін болады. Жастардың жоспарына сәйкес, қайта өңдеуден түскен қаражат 1 маусым – Балалар күні мерекесіне орай, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлауға жұмсалатын болады.

22.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4116
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4295
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19240
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17901
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21345