«Знамя труда» газетіне 105 жыл

«Знамя труда» газетіне 105 жыл
Бүгін «Aulieata — media» серіктестігіне қарасты «Знамя труда» газетінің 105 жылдығына арналған облыстық конференция өтті.

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» ұйымдастырылған басқосуға өңірдің ақпарат саласының  дамуына өлшеусіз үлес қосқан арадагер журналистер,  зиялы қауым өкілдері және көзіқарақты оқырмандар қатысты.

Конференцияға келушілер әуелі «Ғасырдан да ұзақ уақыт» атты фотокөрмені тамашалады. Мұнда «Знамя труда» гезетінде әр жылдары абыройлы қызмет атқарған қатардағы корректордан бастап, бас редакторға дейінгі еңбек сатысынан өткен мамандардың жұмыс барысындағы ескі суреттері көрініс тапты.

Дөңгелек үстелге жиналғандардың ішінде алғашқылардың бірі болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Знамя труда» газетінің шығармашыл ұжымын аймақ басшысының атынан құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, бірқатар сала маманына облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Сондай-ақ, алқалы жиынға қатысқан ҚР Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Милллионов ғасыр шежіресіне айналған орыстілді басылымның  әрлі-берлі тарихына кеңірек тоқталып, технократтық заманда да өзінің шығармашылық әлеуетін түсірмей келе жатқан басылымның жанқиярлық жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар үлкен ұйымның өңірдегі өкілі Жамбыл облысының 2024 жылғы «Үздік журналисі» арнайы меделімен Лариса Губашеваны марапаттады.

Жиын барысында аталмыш редакцияда табан аудармай ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан Көкен Оршабеков те сөз алып, газеттің шежіресіне қысқаша шолу жасады. Және де келесі сөз кезегін алған «Знамя труда» газетінің қазіргі Бас редакторы Людмила Мельник осындай кең көлемді іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған серкістестіктің Бас директоры Данияр Асқарұлына үлкен азаматтық алғысын білдірді.

Ерекше форматта өткен конференция барысында «Знамя труда» газетінің редакция алқасының барлық мүшесіне арнайы Алғыс хаттар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

aqjolgazet.kz
22.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 32
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 110

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313