Бүгін Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. Өздеріңізге белгілі, бүгінде аталған көшеде "М-1" жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында аталған жолдың жабылатыны туралы ақпараттар таратылып, арнайы жол белгілері қойылған болатын. Алайда, автокөлік жүргізушісі соны елеместен, тыйым салынған аумақтан көлігімен өтпек болған. Салдарынан оқыс оқиға орын алып отыр. Қазіргі таңда Полиция департаменті тарапынан жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге тиісті шара қолданылуда.
Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен жолаушылар мен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олардың жағдайы тұрақты бақылауда.