18 мамыр күні таңғы сағат 04:45-те Алматы-Ташкент тас жолында, нақтырақ айтқанда, Жуалы ауданының Ақбастау ауылының маңында жеңіл автокөліктің жол белгісі бағанасына соқтығысуы салдарынан көлік ішінде қысылып қалған адамдарға көмек қажет екендігі жөнінде хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің 1 автокөлігі мен құрамында 5 адам бар жеке құрамы шұғыл аттанды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқиға орнына жеткенше кездейсоқ жолаушылар жол апатына түскен автокөлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні шығарып алған. Авариялық-құтқару құралдарының көмегімен құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған екінші адамды шығарып, «Жедел жәрдеммен» Жуалы аудандық ауруханасына жөнелткен.
Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаменті жалпы автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әрдайым үйде отбасы мен жақындарыңыздың күтіп отырғандығын естен шығармай, сақтық шараларын сақтау қажет. Жол қателікті кешірмейтіндігін естен шығармайық.