ЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕ

ЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕ

 

Таяудағы ҚР Үкіметінің отырысында еліміздегі автожол саласын дамыту мәселесі қаралғаны белгілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, Абай облысында нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 78,6%-ды құрады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндады.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2024 жылға облыс үшін бюджет қаражатының ең төменгі көлемі бекітілді. Бұл қаражат облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеуге бағытталған. Тағы 24 жобаны іске асыру жоспарға енген.

2024 жылы жергілікті маңызы бар 219 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның 75 шақырымы облыстық маңызы бар жолдарға, ал 144 шақырымы аудандық маңызы бар жолдарға жатады. Облыста жыл сайын жол жөндеу жұмыстарымен қамту 220 шақырымнан асатынын айтып өткен жөн.

2022 жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 3,2 млрд теңге сомасына 175 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде 42 шақырымы облыстық (1,1 млрд теңгеге) және 133 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар (2,1 млрд теңгеге) бойынша игерілген. 2023 жылы 245 шақырым жол жөнделді, оның 107 шақырымы облыстық болса, 138 шақырымы аудандық жол.

Нақты дерекпен айтар болсақ, Абай облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 656 шақырымға жетеді. Оның 1 593 шақырымы облыстық, ал 3 063 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар есебіне енген.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Абай облысы

10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 96
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 163
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 144
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 556
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 525
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 546
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 544
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 539
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 556
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 543

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376