Жол сапасы зертханалық тексеруден өтуде

Жол сапасы зертханалық тексеруден өтуде

Осы мақсатта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жол жабындысынан керн сынамасын алып, зертханалық сараптамаға жіберді.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Орталық инженері Аслан Жұмабаевтың айтуынша, жолдың үстіңгі қабатына төселетін қиыршықтас-мастикалық асфальтбетонның (ЩМА) қалыңдығы 5 сантиметр, ал төменгі ірі түйіршікті асфальтбетон қабатының қалыңдығы да 5 сантиметр болуы тиіс. 

– Мұндай құрылым жолдың беріктігін арттырып, ауыр жүк көліктері жиі қатынайтын жағдайда оның ұзақ уақыт қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қазір алынған сынама бойынша жол жабынының қалыңдығы талапқа сәйкес келеді. Енді керн үлгісі зертханаға жіберіліп, асфальттың сапасы мен стандартқа сәйкестігі 10 күн ішінде анықталады, – деді Аслан Жұмабаев.

Ә. Молдағұлова көшесінде орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Бүгінде жалпы ұзындығы 2,2 шақырым болатын жолдың 1,4 шақырымы толық аяқталды. қалған 800 метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында жолдың беткі қабаты жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ бұрын болмаған су ағызу арықтары да жасалды. Нысанды биыл тамыз айында толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

 

А. ХАМИТТЕГІ
30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26654
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26087
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43479
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43883