ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығында» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиынды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Қадырбекұлы Сәдубаев ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы сөз облыстық билер кеңесінің төрағасы ЕСІРКЕПОВ Оңласын Қарабайұлына беріліп ағалық ойымен бөлісті.

Келесі жиын реті ақын-сазгер, Талас аудандық Мәслихатының депутаты Битенова Үміт, тарихшы, Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығы» КММ директоры Сауран Қалиев, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрайымы Марал Исакулова, Халықаралық Тараз инновациялық институтының Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Бахтияр Бекназаровтың баяндамаларымен жалғасты.

Жиынға қатысқан облыстың ардагарлері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мен этномәдени орталық жетекшілері және ЖОО мамандары мен студенттері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5444
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20408
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19044
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22507