ЖӨНІ БӨЛЕК ЖОЛДАУ

ЖӨНІ БӨЛЕК ЖОЛДАУ

 

Президент Жолдауы – тарихи жолдау. Жаңа Қазақстан тарихы Түркістан облысынан кейін жаңадан Абай және Ұлытау облыстарымен толығатын болды. Бұған Алматы облысынан Жетісу атты жаңа аумақтық әкімшілік құрылым ірге ажыратқанын қосыңыз.

Мемлекет бұл шешімді қабылдар алдында азаматтардың нақыт ұсыныс-тілектерін мұқият зерделегенін айтты. Көптен бері халықтың ойында жүрген, әр жерде айтылып, орындалуы созылып келе жатқан Семей мен Жезқазған өңірін түлету бастамасы ел-жұрттың көкейінен шықты десек те болады.

«Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», – деді Президент.

Біз бұдан нені аңғарамыз? Абай облысын құру – Алаш рухын асқақтату! Тәуелсіздік жолында азаттық бесігі болған өңірді қайта түлетудің рухани маңызы өте жоғары. Бұл Абай жолымен жүру деген сөз. Алаш азаматтары орда тіккен орынды жандандыру!

Мемлекет басшысы «Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Кең-байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз», – деп тағы бір тың бастама көтерді.

Бұл ненің белгісі? Біз «Ұлық ұлыс» деп атап жүрген Жошы ханның иелігіндегі қазіргі қазақ жерінің тарихы тым терең. Мемлекеттілік бастауы болған өңір. «Бұрын мемлекет болмаған» деп жүргендерге дипломатия тілімен берілген салмақты жауап.

 

Қазақтың ішкі аймақтары талай жылдан бері назардан қағыс қалып келді. Соның салдарынан әлеуметтік проблемалары да қордаланып қалды. Ендігі таңда Қазақстандағы урбанизация, ішкі көші-қон саясатында айтарлықтай өзгерістер болады. Үлкен қалаларға қарай ағылған жұрттың легі толас табады. Әр өңір қуатты аймаққа айнала бастайды. «Күшті Қазақстан» жобасы осындай іргелі өзгерістер арқылы жүзеге асады деп сенеміз!

Нұртөре Жүсіп, ҚР сенат депутаты
16.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8782
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11410
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9164
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394