Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Алижанұлы тағайындалды.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалғас Алижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Жамбыл облысы әкімдігі
28.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1029
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7076
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10926
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7144
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7286