Жуалы ауданының құтқарушылары құдыққа құлаған сиырды шығарды

Жуалы ауданының құтқарушылары құдыққа құлаған сиырды шығарды

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөліміне ағымдағы жылдың 14 мамырында Б.Момышұлы ауылында құдыққа құлап кеткен сиырды шығару үшін көмек сұраған хабарлама келіп түсті. Күштер мен құралдар шұғыл түрде оқиға орнына келіп жетіп, сиырды сыртқа шығару жұмыстарын атқарған.  Өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің кәсіби шеберлігінің арқасында санаулы минуттар ішінде мүйізді ірі қараны дін аман құдық ішінен шығарды. Сиыр иесі өз тарапынан жедел келген құтқарушыларға шынайы алғысын білдірді.

Айта кету керек, мұндай сиырды құтқару жағдайы бір аптаның ішінде екінші рет тіркеліп отыр және дәл осы ауданнан. Жамбыл облысының құтқарушылары өз кезегінде барша облыс және қала тұрғындары мен қонақтарынан абай болуды еске салып,  төтенше жағдай туындағанда немесе өрт болған жағдайда жедел түрде “101” немесе “112” нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

17.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5207
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5365
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20330
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18966
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22429