Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жуалыда екі күнге созылған 10 аялдамадан тұратын "Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік" атты көркемөнерпаздардың жылжымалы концерттік бағдарламасы өтті
Мерекелік концерт алғашқы күні Ақсай ауылдық округінде орналасқан Б. Момышұлы музейінің ауласында басталды.
«Қызғалдақ» ән-би ансамблі шараны «Қазақстаным» әнімен ашты.
Әрі қарай мерекелік концерт Көлбастау ауылының Абай көшесінің бойында, «Қаракөз», «Корзинка» сауда үйлерінің алаңында өтіп, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жылжымалы мерекелік концерт соңы аудан орталығындағы орталық алаңда жалғасып, ауыл тұрғындарын шат-шадыман көңілді күйге бөлеп, жиналған көпшілік алғыстарын жаудырды!
Ертеңіне жылжымалы концерттік бағдарлама Б.Момышұлы ауылында орналасқан теміржол бекетінде басталып, сапарға шыққан жолаушыларды көңілді күйге бөледі.
Әрі қарай жылжымалы концерттік бағдарлама Қарасаз, Шақпақата ауылдарындағы көше бойында өтті.
Екі күнге созылған жылжымалы концерттік бағдарлама Нұрлыкент ауылындағы жаңадан ашылған мәдениет үйінің ауласына аялдап, концерттік бағдарлама сол жерде соңына жетті.
Аудан халқына мерекелік көңіл-күй сыйлап, торқалы тойға осындай тарту жасалды.