«Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі»

«Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі»

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында  Сарысу ауданының құрметті азаматы, Алты Алашты аузына қаратқан талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына орай «Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» фэн-бум кешін ұйымдастырды.

Аталмыш кеш жоба аясындағы кезекті айы осы ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау айлығының ашылуын белгілеп, ақын поэзиясымен Әулиеата жұртшылығын терең таныстыруға бағытталған.

Адамның ұйқысын шайдай ашатын, жаураған жүректі жылытатын, үміттінің үзігін жалғап, тынжыр мұңды сейілтіп, арман асуларына құлшындыратын, шынайы шындығымен рухани шөліңді қандыратын ақынның рухты өлең-жырлары, болмысы туралы жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақынның қаламдас әріптестері, Қазақстанның Құрметті азаматы, белгілі құсбегі, этнограф, зерттеуші-натуралис Жапар Сатылғанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, айтыскер ақын,  журналист, облыстық «Ақ Жол» газетінің аға тілшісі Есет Досалы және ақынның қызы Ғайникен Маралтайқызы жыр жампозының жалпы шығармашылығына тоқталып, әсерлі әңгімелер мен қызықты ойларымен бөлісті.

Ақынның бойындағы өжеттілігі, қайсар мінезі, осының арқасында бойындағы талантын көрсетіп, ақындық қуатын мойындатып келе жатқан айбоз ақынның жалынды жырлары оқылды.

02.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 22
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 29
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 17
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 936
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7006
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10849
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7071
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7212