ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

ЖҰМЫС   ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

 

Бүгінде Түркістан облысының халқы 2 155 000 адамнан асып отыр. Облыс еңбек жасындағылардың саны бойынша да елде алдыңғы орында. Сондықтан да мұнда жаңа жұмыс орындарын ашу – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

 

Облыста «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» қолға алынған.  Аумақ тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жалғасып келеді. Биыл 83 554 – тұрақты, 47 215 – уақытша, барлығы 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар облыс басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен қатаң бақылауға алынған. 

Осы орайда халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау саласында 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалған алқа мәжілісі болып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етті. 

Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Қазанқаповтың атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Белгілі болғаны – облыста жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша 12 031 жұмыс орны құрылған, 7883 жұмыс орнын ашу жоспарланған. «10 мың тұрғынға –100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 1747 жұмыс орны ашылған. Ұлттық жобалар аясында 321 азамат жұмыспен қамтылған. Биыл уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 32 465 азаматты жолдау жоспарланған, бүгінде оның 19 447-сі  жұмысқа жіберілген. Дегенмен, Ұлттық жобалар аясында Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Отырар аудандарында тиісті жұмыстар атқарылмаған.

Облыс әкімінің орынбасары жұмысты жандандыруды тапсырып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

– Жұмысты күшейтіңіздер. Оған толық мүмкіндік бар. Аудан, қала әкімдері, бекітілген индикаторлардың орындалуы қатаң бақылауда болсын. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушы азаматтардың еңбек тәртібін сақтауы, жұмыс берушілердің нақты жұмыс істеуін зерделеу жұмыстарын жалғастыру керек. Мемлекет қаражатын талан-таражға салуға жол берілмейді. Облыс деңгейінде бекітілген квоталарды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Жұмыс алгоритмін жасаңыздар. Тұрақты түрде жағдайды баяндап, мәселелерді көрсетіп, шешу жолдарын ұсыныңыздар. Жұмыс тоқтап қалмауы керек, – деді Б.Дәулетұлы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева әлеуметтік қорғау саласындағы индикаторлардың орындалуы туралы баяндады. Облыста биыл аз қамтылған азаматтардың санын 20 пайызға төмендету межеленген. Жұмыстар әр тоқсанға бөлінген жоспар негізінде жүргізілуде. 2025 жылдың 4 айында 7995 отбасындағы 49 037 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген. АӘК алушылардың саны 45 713 адамға немесе 48,2 пайызға азайған.

Бетті дайындаған – 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ

 

08.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13912
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13865
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28998
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27656
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31168