Жұмыс сапарым Мойынқұм ауданында жалғасты

Жұмыс сапарым Мойынқұм ауданында жалғасты
Аптаның алғашқы күніндегі жұмыс сапарым Мойынқұм ауданында жалғасты.
Алдымен Қылышбай ауылындағы ауыз су жүйесін жүргізу жұмысымен таныстым.
Құрылысын 2021 жылы “СК-АВС” ЖШС аяқтап, аудан әкімдігінің ТҮКШ бөлімі қабылдап алған. Алайда ауыз су әлі де кермектеу, сапасы төмен. Ауыл тұрғындары сапалы судың дәмін тата aлмай отыр.
Күзде облыс әкіміне айтылған соң қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіле бастады. Мердігер компания апта соңына дейін мембрана, фильтр орнатып, сапалы ауыз су тартуға уәде берді.
Аудандық жастар ресурстық орталығы ұжымымен кездестім. Кездесу барысында орталық қызметкерлері жалақының төмендігі туралы мәселе қозғады. Алатын айлықтары 75-80 мың теңгені құрайды.
Ауданның мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Аталған жиында клуб, кітапханалардың материалдық жағдайы, әр ауылдық округте жеке кітапхана ғимаратының болуы, Ұланбел, Сарыөзек ауылындағы клубтарға күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігі айтылды. Ал аудандық мәдениет саласының қызметкерлерін (гастрөлге шығуға) көлікпен қамтамасыз ет туралы мәселе қозғалды.
Аудан орталығында қоғамдық қабылдау өткіздім. Қабылдау барысында тұрғындар көгілдір газбен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, қураған сексеуіл ағаштарын пайдалануға тыйым салынбауы туралы мәселелер қозғалды.
Аталған мәселелерді жазып алдым. Алдағы уақытта депутаттық сауал жолдайтын боламын.
Келесі іс-сапарым Т.Рысқұлов ауданында жалғасады.
Guldara Nurumova
09.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 390
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 393
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 355

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20704
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20495
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35602
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34151
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38021