ЖҰМЫС САПАСЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

ЖҰМЫС САПАСЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Бүгін аудан орталығының іргесінде орналасқан Өндіріс, Қорағаты және Ақтөбе ауылдық округтерінде болып, ағымдағы жылы қолға алынған бірқатар нысандардың жұмысын көзбен көріп шықтым.
Ең алдымен Өндірістегі мәдениет ошағының құрылысымен танысып, жұмыстың аяқ алысын байқадым. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттың басым бөлігі аяқталған. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары басталған. Жауапты мердігерге нысанның құрылысын уақытынан кешіктірмей аяқтауды тапсырдым.
Сонымен қатар, биыл Ақтөбе ауылына ауыз су тарту жұмыстары басталған болатын. Қазіргі кезде мұндағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сәтін салса, келесі жылы ауылдағы 6 көше таза ауыз сумен қамтылатын болады. Айта кету керек, дәл осы бағыттағы жұмыстар Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданында да жүргізілуде. Ондағы жұмыстар да келесі жылы толығымен аяқталатын болады.
Ақтөбе мен Мойынқұм ауылында салынып жатқан спорт алаңшасының құрылысын да көрдім.
Қос ауылдың тұрғындары дәл осы спорт алаңшасына қатысты мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын. Осыған орай, жергілікті қазынадан қаржы қаралып, құрылысы басталды. Екі ауылдағы спорт алаңшасы да келесі жылы ел игілігіне берілетін болады.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі
29.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5129
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5289
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20249
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18892
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22351