Жұмыс жәрмеңкесі жастарға жол ашады

Жұмыс жәрмеңкесі жастарға жол ашады

Жұмыс жәрмеңкесіне Дулати университетінде даярланатын мамандықтарға сәйкес өңірдегі ірі жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары шақырылды. Жалпы биыл университеттен бакалавриат бойынша 2796 түлек түлеп ұшқалы отыр. Оның 1518-і педагог мамандар. Сондықтан жас мамандардың облыстық білім басқармасынан келген өкілдерге қояр сұрағы көп болғаны түсінікті.

– Бос орындар жәрмеңкесі – еңбек нарығының мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнатудың тиімді тетігі. Біздің мақсат – жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ортақ диалог алаңын құру, оларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы керекті ақпарат алуына қолайлы жағдай жасау.

Университет тарапынан ұйымдастырылатын жұмыс жәрмеңкесі – жастар түлектер арасында жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешудің жолы болып отыр десек, артық айтпаймыз. Өткен оқу жылында университетті 2491 студент тәмәмдап, олардың 77 пайызы жұмысқа орналасқаны – осы сөзіміздің дәлелі. Жыл өткен сайын статистикалық көрсеткіштердің оң сипат алып келе жатқаны қуантады, – деді жұмыс жәрмеңкесінің ашылу салтанатында Дулати университетінің инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі проректоры Бекет Алиғожин.

Ақпарат алмасу үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілерге де берері көп. Мәселен, биылғы түлектердің 50 пайыздан астамы педагогтар. Ал өңірде маман тапшылығы бар аудандар бар. Жәрмеңкеге келген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов осы мәселелерді қозғады.

Дулати университеті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізуді дәстүрге айналдырғалы бері өңірдегі бірқатар ірі өндіріс орындары мен мекемелердің басшылары қолдау көрсетіп, бүгінде сенімді әлеуметтік серіктестерге айналды. Іс-шара соңында проректор Бекет Қабиденұлы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастығы үшін жұмыс берушілерге ризашылығын білдіріп, 10-нан астам әлеуметтік серіктесті Алғыс хаттармен марапаттады.

12.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791