«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» демекші, елімізде жұмыс істеп қаражат табамын деген жанға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ниет түзу болса болғаны.
Ауданымызда жыл басынан бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендер 1168 адам.
2023 жылдың І тоқсанында жұмыспен қамту шараларымен 937 адам қамтылды.
Оның ішінде тұрақты жұмыспен 186 адам, қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 72 адам жолданды.
Сондай-ақ көп жылдар қатарыннан жалғасын тауып келе жатқан жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында 38 оқу орынын бітірген жас маман жұмысқа орналасты. Олар осы бағдарлама аясында мекемелерге жұмысқа тұрып, таңдаған мамандықтары бойынша тәжірибе жинауда. Жыл аяғына дейін 319 жас жұмысқа орналасады деп жоспарланып отыр.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 457 адам жұмысқа тартылды. 141 азамат «Бастау бизнес» оқу курсына жолдама алды.
Жалпы, жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына 265 адам оқытылады.
Қысқа мерімді кәсіби оқытатын курстар өз жалғасын табуда. Жыл ішінде бұл мақсатта 50 адамды оқыту жоспарланған. Қысқа мерзімді оқуды аяқтағандар өздері қалаған мамандық бойынша жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша 147 азаматты оқыту жоспарланса, жұмыс берушінің орнында оқыту бойынша жоспар 20 адам оқытылады деп күтілуде.
Қайтарымсыз грант қаражаты биылғы жылы 73 адамға берілсе, 2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5% жеңілдетілген микрокредитке аудан бойынша 14 жастар қол жеткізетін болады.