Жүрек қалауымен таңдаған мамандық

Жүрек қалауымен таңдаған мамандық
 

Ветеринарлық қауіпсіздік – еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты бөлігі болып табылады және аса қауіпті жануарлар ауруларының жаппай халық арасында таралуына тосқауыл қойылмай, ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізе алмайтынымыз анық. Ол жұмыстарды атқарып, еліміздің қауіпсіздігіне зор үлес қосып жүрген мамандық иелері – ветеринарлар. Осындай жауапты салаға жауапкершілікпен қарап, табысты еңбек етіп жүрген азаматтың бірі – Нығман Әбишев. Ол бүгінгі таңда Ағаділ Сухамбаев ауылдық округінің малдәрігерлік бекет меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

– Мамандықтың жаманы болмайды. Ең маңыздысы мамандықты дұрыс таңдай білу. Бала кезден ауылдың топырағына аунап-қунап жетілгендіктен, біз төрт түліктің жайына қанығып өстік. Қозы бағып, бұзау арқандап, тай үйретіп, әке-шешемізге қолғабысымызды тигіздік. Содан да болар, төрт түлікке жақын болдық. Мектеп бітірген соң бірден А.Сухамбаев колхозында қалып, колхозшы болып жұмыс істедім. Сақманға да, қой қырқу науқанына да сол кезде қатарластарыммен бірге араласып, шопандардың өмірімен таныстым. Содан бастап алдыма мақсат қойып, мал дәрігері болуға бекіндім, – дейді Нығман Рысбайұлы.

Ұжымшарда үш жылға жуық тәжірибе жинақтаған Нығман 1979 жылы бағын сынап, арманына қол жеткізу үшін Алматы қаласына оқуға барады. Сөйтіп мектепте жақсы оқыған оның бағы жанып Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының «малдәрігерлік факультетіне» қабылданады. Ол тұста институт бітіріп келген жас мамандарға деген сұраныс жоғары болатын. Қолында дипломы бар маманды 1984 жылы А.Суханбаев атындағы колхоз басшылығы құшақ жая қарсы алып, оны мал емдеу пунктінің меңгерушісі етіп тағайындайды.

– Жұмысқа бірден араласып кеттім. Өйткені өзім еңбек жолымды бастаған туған ауылымның азаматтары мені бірден жұмысқа салып жіберді. Жұмыс болған соң қиындықсыз болмайды ғой. Төл алу науқанында күн-түн демей жұмыс істеп, шопандардың қыстақтарында қонып қалып, таңға дейін көз ілмей жұмыс істеген кездеріміз де аз болмады. Қыста мал азығын қыстақтарға жеткізу, жем-шөппен қамту жұмыстары да білген адамға оңай шаруа емес. Одан қала берді мал арасында жұқпалы аурулардың таралып кетуіне жол бермеу мақсатында қан сынамаларын алу, тағы басқа да толып жатқан жұмыстарды жүгіріп жүріп атқардық, дейді ол.

Өзінің іскерлігімен, еңбекқорлығымен көзге түскен жас маманға деген аудан басшылығының көзқарасы да жақсы болатын. Оның қолынан іс келетіндігін байқаған сол кездегі Свердлов аудандық әкімдігі Нығман Әбишевті Свердлов атындағы колхоздың бас мал дәрігері етіп жібереді. Бұл қызметті ол 1990 жылға дейін үлкен абыроймен атқарады.

Бұдан кейін туған жері Қарасу ауылындағы қара шаңыраққа қайта оралып, сондағы жаңа құрылған кооперативте қой фермасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жақсы маман жерде қалушы ма еді, оның іскерлігін жоғары бағалаған округ тұрғындары Нығман Рысбайұлын бірінші шақырылған Байзақ ауданының аудандық мәслихат депутаты етіп сайлайды. №5 сайлау округінен сайлауға түсіп, халықтың басым дауысына ие болған ол ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, округтегі және аудандағы көптеген мәселенің оң шешімін табуына бастамашы болады. Бұдан кейін аудан әкімінің және округ тұрғындарының өтінішімен А.Сухамбаев ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.

Қай шаруаны қолға алса да Нығман өзінің білімділігімен қатар іскерлігінің арқасында табыс биігінде болды. Өзінің бағын халық қалаулысы және мемлекеттік қызметте сынап көрген ол 2003 жылы кәсіпкерлік саласына ауысады. Сөйтіп бұл салада да жемісті еңбек етіп, 2012 жылы өзінің жас кезде жүрек қалауымен таңдауын жасаған мал дәрігері мамандығына қайта айналып соғып, А.Сухамбаев ауылдық округі малдәрігерлік бекетінің басшылығын өз қолына алады. Бүгінде Пайғамбар ғұмыр кешкен жасқа келген Нығман Рысбайұлының бұл жылдарда талай шәкірт тәрбиелеп, жастарға мамандығының қыр-сырын үйретіп келеді.

Еңбегі де ескерусіз емес. Ол іс-тәжірибесінің арқасында өткен жылы мал дәрігерлері арасында ұйымдастырылған байқаудың жүлдесін де жеңіп алған болатын. Кеудесіне таққан медальдары мен алған марапаттары оның осал азамат емес екенін танытып тұрғандай. Нығман Рысбайұлының еңбектегі ерлігі төсіндегі – І дәрежелі «Еңбек даңқы» мен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» және жуырда алған «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері ерекшелей түседі.

– Мұның бәрі жайдан-жай беріле салған жоқ. Елу жылға жуық еңбегімнің жемісі деп білемін. Әрине, мен бұл марапат үшін жұмыс істегенім жоқ. Елдің қауіпсіздігі үшін, мал шаруашылығының дамуы үшін үлес қостым. Ең бастысы, ветеринар ретінде түрлі мал ауруларының ел ішінде таралып кетуіне жол бермедік, – дейді Нығман Әбишев.

Марат ҚҰЛИБАЕВ Байзақ ауданы.
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 509
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 466

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9166
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11792
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9560
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10772