Жусалыдағы Құрылтай

Жусалыдағы Құрылтай

Ру шежіресін білу – Сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі ғасырлар бойы «бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған. «Атасы алыс болғанмен, Жамиғи қазақ бір туған» (Базар жырау). Алайда бүгінгі таңда Дарвин ілімімен «мұздай қаруланған» кейбір азаматтарымыз руын білуді, оны айтуды – мақтану және руға бөліну деп, оның пайдасынан зияны көп деп есептейтіндерін кездестіріп жүрміз. Біз, Қазақ елі, текті халықпыз ғой, шіркін! Ата-тегін ұмытпаған, дәстүрін ұстанған, жеті атадан қыз алыспаған елміз. Руға бөлінбеген, рудан құрылған ұлтпыз. Ақиқатында, Атам Қазақтың шежіре жасау жүйесінің мынадай сыры бар. Ежелгі аталарымыз бізге «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» деген мақалдар қалдырған. Бұл мақалдар арқылы бабаларымыз бізге ең бірінші тегіңді біл дейді. Тек дегеніміз – бұдан сан мыңдаған жылдар бұрын ғұмыр кешкен арғы ата-бабаларымыз. Ал жеті атаң дейтініміз – өзіңнен бастап санағандағы тікелей жеті атаң. Мұны әрбір қазақ баласы жатқа біліп, әрқашанда дұғасын жолдап отыруы керек. Руын білу қазақ баласы үшін аса қажет. Тарихқа үңілсек, Ұлы Жаратушы – Алла Тағала Адам атамыз бен Хауа анамызды жаратқалы бері 70 000 жыл болды делінеді. Содан бері жер бетіне қаншама мыңдаған ұлт келіп, қаншама мыңдаған ұлт жойылып кетті. Қазақ осы рулық жүйесін сақтағандықтан ғана, сол жетпіс мың жылғы Адам атамыздың «қарашаңырағын» сақтап отыр. Ежелгі аталарымыз ешқашан ру жамандап, оларға тіл тигізбеген, керісінше, олардың жақсы істерін біліп, жақсылығына жарысып, жақсылығын жалғастырып, сол үшін мақтанып отырған. Қазірде де ауыл қазақтарының жалғастырып отырғаны – осы. Солардың бірі Баянауыл жерінде ежелден мекендеген Орта жүз Арғын, Жолболды Орманшы ұрпақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау баурайы, Ж. Аймауытов ауылында өткен бұл құрылтайға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Парижден қонақ болып келген орманшылар болды. Құрылтай мерекелік концертпен басталып, жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Шараның көрігін қыздырған қарағандылық айтыскер ақын Мақсат Ақанов пен Баянауылдың дүлдүлі Аспанбек Шұғатаевтың айтысына жиналған қауым ерекше қошемет көрсетіп, ақындар көпшіліктің делебесін қоздырды. Одан бөлек келген қонақтар қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, көкпар, бәйге жарыстарынан бақтарын сынап көруге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға тай, қой, мотоцикл, кілем секілді сыйлықтар мен 1 000 000-ға дейін қаржылай жүлде тікті.

18-40 жас аралығындағы Қазақ күресіне Павлодар, Қарағанды облыстарынан және Астанадан барлығы 29 балуан қатысты. Жеңімпаздары: 1-орын иегері – Қапезов Ернұр, Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Жүлдесі – 1 тай және 50 000 теңге ақшалай сыйлық.

2-орын иегері – Дәлелхан Мұхтар, Баянауыл ауданы Майқайың кенті. Жүлдесі – 150 000 теңге ақшалай сыйлық.

3-орын иегері – Амри Бахустар, Ақсу қаласы, жүлдесі – 100 000 теңге.

40-60 жас аралығындағы Қазақ күресіне Павлодар, Қарағанды облыстарынан және Астанадан барлығы 17 балуан қатысты. Жеңімпаздары: 1-орын иегері – Сайдуллаев Ғани, Астана қаласы. Жүлдесі – 1 тай және 100000 теңге ақшалай сыйлық.

2-орын иегері – План Күнтуған, Ақсу қаласы. Жүлдесі – 1 тайша және 75 000 теңге ақшалай сыйлық.

3-орын иегері – Мұқышев Дәурен, Екібастұз қаласы. Жүлдесі Мұқышев Дәурен, Екібастұз қаласы. Жүлдесі –1 қой және 50 000 теңге

Аударыспаққа барлығы 36 спортшы балуандар қатысты. 1-орын иегері – Матаев Ердәулет, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы. Жүлдесі – 300 000 теңге ақшалай сыйлық.

2-орын иегері – Аблешев Еркебұлан, Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Жүлдесі – 200 000 теңге ақшалай сыйлық.

3-орын иегері – Советов Ақжол, Қарағанды облысы Шет ауданы. Жүлдесі – 100 000 теңге ақшалай сыйлық.

Сондай-ақ, 20 киіз үй тігілген Жусалы ауылында бес жылқы сойылып, ас берілді. Орта жүз Арғын, Жолболды Орманшының ұрпақтары осындай құрылтайды басқа да ел-жұртқа, ауыл-аймақтарға эстафета ретінде жолдады. Күллі қазақ елі осындай бірлікте, бауырмашылдығын көрсетсе, қазақилықтың нышанын білдіретін керемет бастама болары сөзсіз. 

Рауан Мутаир
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650