«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» мақал-мәтел сайысы

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» мақал-мәтел сайысы

🔹«Анаға тағзым» орталығының әдістемелік кабинеті мен «Ана тілі» шешендік өнер үйірмесінің ұйымдастыруымен бүгін «Балалар жылына»  орай, мақал-мәтел айтудан жарыс болды. Онда орталықтағы түрлі үйірме қатысушыларынан  19 үміткер өзара бақ сынасты.

🔹 Аталған сайыс қатысушыларды жан-жақты білімді болуға, ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін дамытуды көздейді. Шапшаңдыққа баули отырып, озық ойлы болуға тәрбиелейді.

🔹 8-15 жас аралығын қамтыған сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпат тарту етілді. Атап айтсақ, Әдемі Мұратбек және Жанель Шаймахан І орынды иеленсе, Айым Қалтай мен Дария Леске ІІ орын бұйырды.  Аружан Манапова, Ақмаржан Қасен және Інжу Өмірзақованың қанжығалары ІІІ орынмен майланды. Қалған қатысушыларға түгелдей алғыс хаттар табысталды. 

🔹Сайысқа төрелік етіп, әділ бағасын берген қазылар алқасы «Анаға тағзым» орталығының директоры Э.Мырза-Ғали, ф.ғ.к.,доцент С.Исматова және әдіскер Ж.Айтжанова болды. 

🔹Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра.

🔹Мақалдар мен мәтелдер жастарға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырып, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Бүгінгі сайысқа қатысқандар осыны жете түсінді. 

 

 

Анаға тағзым орталығы, Тараз қаласы
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5205
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5363
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20328
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18964
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22427