Жыл басынан Қызылорда және Түркістан облыстарында су заңнамасын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды

Жыл басынан Қызылорда және Түркістан облыстарында су заңнамасын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды

Арал-Сырдария бассейні су инспекциясы 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жүргізген тексерістердің нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғалды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов инспекцияның жыл басынан бергі жұмысы туралы есебін тыңдады.

Осы кезең аралығында су заңнамасын бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 46,7 млн теңге.

Сонымен қатар жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Қызылорда және Түркістан облыстарында арнайы су пайдалануға 286 рұқсат берді.

«Өткен вегетация кезеңінде Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейнінде заңсыз су алу және тіркелмеген сорғы қондырғыларын орнату фактілері анықталды. Суармалы суды әділ бөлу мақсатында инспекторлар министрліктің орталық аппараты және «Қазсушар» РМК мамандарымен бірлесіп су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Жаңа Су кодексінде көзделген бақылау функциялары бассейндік су инспекцияларына бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Арал-Сырдария бассейні су инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов.

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 775
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 759

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841