Жылу маусымына дайынбыз ба?

Жылу маусымына   дайынбыз ба?

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, жаңадан тағайындалған Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңірдің 2026-2027 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындығын пысықтауға арналған жиын өткізді. Оған салалық басқармалардың, энергиямен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың және облыстағы коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік сала нысандарын, инженерлік инфрақұрылым мен энергетикалық кешенді қысқа дайындаудың қарқыны, сондай-ақ жылыту науқанында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты міндеттер қаралды.

Дайындық жұмыстары бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Жылыту маусымы басталғанша 154 денсаулық сақтау нысанының, 402 білім беру нысанының және 1784 көппәтерлі тұрғын үйдің толық дайындығын қамтамасыз ету міндеті алға қойылған.

Бұл мақсаттағы дайындық жұмыстарына 7,5 млрд теңге қаралған: оның 1,6 млрд теңгесі жергілікті бюджеттің, 5,9 млрд теңге – кәсіпорындардың өз қаражаты.

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жылу желілерінің 17,7 шақырымының 12,8 шақырымы (72%), 8,8 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 7,4 шақырымы (84%), 715,4 шақырым электр желілерінің 320,5 шақырымы (45%) жөнделген. Бұған қоса, сегіз қосалқы станция мен 70 трансформаторлық станцияны жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. «АЖЭО» ЖШС үш жылу агрегаты мен екі турбоагрегатты жоспарлы жөндеуден өткізуде. №2,11 жылу агрегаттары мен №9 турбоагрегатты жөндеу аяқталды. №9 жылу агрегатындағы жұмыс 55%-ға орындалған. №5 турбоагрегаттағы жұмыс бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. 

Өңірді жылумен төрт орталықтандырылған жылу станциясы және 723 автономды қазандық қамтамасыз етеді.  Болат Ақшолақов жиынды қорытындылай келе, жылу беру науқанына уақтылы және сапалы дайындалу барлық жауапты қызмет үшін басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының кестесін мүлтіксіз сақтауды, дайындық деңгейі төмен нысандарды бақылауда ұстауды және әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымына уақтылы дайындауға ерекше назар аударуды тапсырды.

А. ХАМИТТЕГІ
23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26654
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26087
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43479
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43883