Жылу маусымына дайындық- басты назарда

Жылу маусымына дайындық- басты  назарда

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде  келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді.

Өйткені жылыту жүйесіне, электр желілеріне ерекше мән берген абзал. Жылыту маусымы басталмай тұрып, олардың бәрін ретке келтіру керек.

Бүгін Жамбыл облысы әкімі орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды.

Осы аралау барысында Қанатбек Қайшыбекұлы: — Бастысы – алдағы жылыту маусымына дайындық қарқыны азаймайды.

Осы жылыту маусымы аяқталған соң, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары басталмақ.
Атап өтсек: ағымдағы жылы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін Тараз қаласының Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы ұзындығы 6140 м болатын «М-1» жылу магистралын жаңаға ауыстыру жобасы іске асырылады.
90-шы жылдары салынған құбырдың тозу көрсеткіші 68,0 пайыздан асқан.
Құрылыс жұмыстары жүретін жерлерде қазу, ескі құбырларды шығару кезінде бірқатар қолайсыздықтар болады. Көшелердегі жол қозғалысы, қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді.
Бұл жылу құбыры 131 көпқабатты тұрғын үйлер мен 88 әлеуметтік және басқа да нысандарға қызмет көрсетуде.

Қорыта келе, қысқа ерте қамданған ұтады. Өйткені, жылу беру маусымы жайбарақаттықты көтермейді. Осыны ескеріп, биыл да бұл маусымға ерте әзірлік жасалмақ.

 

 

17.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4138
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4317
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19263
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17923
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21370