Грэпплинг: Қазақстан тұңғыш әлем чемпионы!

Грэпплинг:  Қазақстан  тұңғыш әлем чемпионы!

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионатында топ жарды. Ыстамбұлда өткен AIGA турнирінде отандастарымыз төрт медаль жеңіп алып, топтық есепте алғашқы орынды иеленді. Турнирге Ресей, Украина, АҚШ, Бразилия, Әзербайжан, Иордания, Түркия, Франция, Ауғанстан, Қырғызстан, Иран және Палестина елдері қатысты. Қазақстан құрамасынан 8 спортшы 7 салмақ дәрежесінде күресті.  Жекелей есепте 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Самат Айтпанбет пен 83 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Руслан Исраилов алтын медаль иеленді. Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі күрескен Нариман Мыңбаев қола және 76 келіге дейінгі салмақтағы спортшы Османжан Касимов күміс медаль еншіледі. Жарыстың екінші күнінде спортшылар топтық күрес өткізді. Бұл кезеңде қазақстандық спортшылар қарсыластарынан басым түсіп, ¼ финалда Әзербайжан, жартылай финалда Ресей құрамасын жеңді. Жартылай финалда Османжан Касимов аяғының жарақатына қарамастан, қарсыласын жеңіп, командасын финалға алып шықты.  Финалда Қазақстан құрамасы Украиналық қарсыластарын 4:2 есебімен жеңіп, грэпплингтен тарихтағы тұңғыш чемпион атанды.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14455
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14373
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29523
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28152
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31689