1 қыркүйек – білім күні

1 қыркүйек –  білім күні

АСТАНАДА 1-СЫНЫПҚА 

ҚАНША БАЛА БАРАДЫ?

Соңғы ресми мәліметтерге жүгінсек, елордада 187 мектеп бар, онда 282 150 оқушы оқиды. Оның ішінде 110 мектеп – мемлекеттік (233 006 бала), 70 мектеп – жеке (42 674 бала) және 7-еуі – республикалық (6 470 бала). Бұл туралы 2024 жылдың тамыз айындағы педагогтер форумында белгілі болды.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың бала қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 24 100 бала қабылданды. Елорданың білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өткен оқу жылының соңында қалада 8 үш ауысымды және 16 тығыздалған мектеп жұмыс істегенін атап өтті. Мектептердегі тапшылық 27 800 мың оқушы орнын құрады. Осы мәселені шешу үшін биыл екі ауысымда 100 мыңға жуық оқушы орнына 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл соңына дейін 20-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп (3-і БИП, 8-і жайлы мектеп, 1-і жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі. Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440 мың орындық 9 мектеп (7-і жайлы мектеп, 2-і жекеменшік мектеп) қосымша пайдалануға беріледі. Осылайша, биыл жыл соңына дейін үш ауысымда оқитын 6 мектептің, бала саны шамадан тыс 9 мектептің мәселесі шешілді. Ал үш ауысымда оқитын 2 мектептің және бала саны шамадан тыс 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі 2025 жылы шешіледі.

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың орындық (2024-2025 жж.) 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл (6 мектеп) және Нұра (9 мектеп) аудандарында орналасады. «2024 жылға барлығы 33 білім беру нысанында жөндеу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізілсе, 31 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі таңда 25 білім мекемесінде барлық жұмыстар аяқталды, қалған 8 мекеме жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады», – деді Қасымхан Сенғазыев.

 

28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 128
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 142
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 594
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 701
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4520
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3963
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6393
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4924
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6124