1-сынып оқушысы сақтар туралы не біледі?

1-сынып оқушысы сақтар туралы не біледі?

Мемлекеттік қызметкер емес, қарапайым ата-ананың жанайқайы

Бүгін жексенбіде қол тиіп, 1-сыныпта оқитын қызымның кітаптары мен сабағына көңіл бөлдім. Дүниетану сабағынан шынымен шошыдым. «Сақтар деген кімдер?» дейді. Ұмытпасам, сақтар туралы біз 5 сыныпта оқығанбыз. Мына жерде «Сақтар қандай мал өсірді?»  – депті. Қызық… 

«Сақ тайпалары мекендеген жерді картадан тауып көрсет» деген тапсырманы сұрасақ, Айша: «Карта деген не?»  – дейді. 1-сыныптың оқушысын қинау ғой мынау! Мәтін ішіндегі Қара теңіз бен Алтай аралығын оған қалай түсіндіреміз?

«Тұрмыста қандай көліктерді пайдаланды?» – деп сұраған қызыма  атасы мен апасы, шешесі бәріміз отырып Б.Қ.Тұрмашева, С.С.Салиш,                                                                                 Т.Н.Мирук әзірлеген кітапты алып, әбден оқып шықтық. Бәрін айтпаймын, мәселен 56-бетте «Адамдар саяхатқа не үшін шығады?» – депті. «Сен турист болып көрдің бе? Егер туристік сапарға шыққан болсаң, қай жерге барғаныңды сыныптастарыңа айтып бер», – дейді. Өткенде қатаң, үнді, ұяң сосын езулік, еріндік деген дүниелерді жаттап жүрген. Шыны керек, сапалы оқулықтарға қашан қолымыз жетеді? Мынау деген сұмдық қой, ағайындар?!

P.S.  «Алтын адам неге мемлекеттік символға айналды?» – деген сұрақ 1-сынып оқушысына неге керек? «Оның киімі мен қаруын сипаттап айт», – депті. Ата-аналар, петиция жинап, миы ашыған артық пәндерден арылайық! Бұлай кете берсе, бізден кейінгі буынның білімі не болмақ?

 

О.Беркінбаев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5498
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20620
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19249
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22712