Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Астанада жоғары мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі өтіп, Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ресми кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, серіктестіктің басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Сонымен қатар инвестиция, әуе қатынасы, қаржы, геологиялық барлау және бірлескен инвестициялық жобалар бойынша бірқатар келісімге қол қойылды.
Оман Сұлтанының Астанаға сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтып, өзара тиімді әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды дипломатиялық қадам ретінде бағаланып отыр.













