Шығыс Қазақстан облыстық Соты қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев: «Былтыр Шығыс Қазақстан облысында бір жылда сыбайлас жемқорлыққа барған 70 мемлекеттік қызметкер сотты болды. Оның ішінде әкімдікте, құқық қорғау органдарында, білім басқармасында және басқа да салаларда жұмыс істейтіндер бар. Сот шешімі бойынша 12 адам айыппұл төлеуге міндеттелген. Қазіргі уақытта 57 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. 58 адам бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаға тартылды. Айыппұл жазасы күзетшілерге, түрлі операторларға, ветеринарлық бақылау мамандарына қолданылған. Өндіріп алудың ең ірі сомасы 6 миллион теңгені құрады», – деді.