«Махаббат ол…» концерт-спектакль

«Махаббат ол…»  концерт-спектакль

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 16 қараша күні  сағат 16:00 және 19:00-де Б.Римова атындағы академиялық драма театры гастрольдік сапармен Алматы қаласына келеді. Көрермен назарына режиссер Бәзіл Сұлтанғазының сахналауымен «Махаббат ол…» концерт-спектаклінің премьерасы ұсынылады. Қойылым Алматы қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театрында өтеді.

«Махаббат ол…» – жай ғана концерт немесе дәстүрлі драмалық қойылым емес. Бұл – ән мен театр өнері тоғысқан, адам жанының тереңіне бойлайтын ерекше сахналық туынды. Оның басты кейіпкері де, негізгі тақырыбы да – махаббат. Алайда мұнда махаббат тек ғашықтардың арасындағы сезіммен шектелмейді. Ол – достыққа адалдық, отбасыға деген жауапкершілік, сағыныш пен қамқорлық,ата мен немеренің арасындағы мейірім, кейде айтылмай қалған сөз бен орындалмаған арман.

 Қойылымның тағы бір айрықша қыры – оның астарында дайын драмалық шығарма емес, актерлердің өз өмірінен алынған шынайы оқиғалар жатыр. Яғни сахнадағы кейіпкерлердің сезімі мен толғанысы ойдан құрастырылған көркем бейнелер ғана емес, өнер иелерінің бастан өткерген оқиғаларынан өрбіген.      

 «Махаббат ол…» спектакль-концертінде өнер көрсететін әртістер:

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері – Жасұлан Көпберген, сондай-ақ Шәміл Айтмұхан, Айзада Байғабыл, Аслан Бектенов, Наргиз Айшуақова, Мейіржан Нұров, Арнат Қазыкен, Салтанат Жақанша, Толғанай Ізтілеуова, Дарын Нұрсадық, Батыржан Медет, Мадина Сағымбай, Аслан Жапарқұлов, Алмас Мұратұлы.

Қойылымның шығармашылық тобы: идея авторы – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Ерлік Жуасбек, режиссер – Бәзіл Сұлтанғазы, композитор – Сұлтан Тұрсынбеков, хореограф – Айжан Құнанбаева, қоюшы-суретші – Сырым Орманбаев, жарық қоюшы – Еламан Ахметов, редактор – Айғаным Айтмұхан, арт-менеджер – Айдана Сембекова.

Өнер мен сезім тоғысқан ерекше кеште махаббаттың сан қырын бірге сезініп, жүрекке жақын әсерге бөленіңіздер!

12.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29414
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28971
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46228
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46547