100 жастағы ардагер мерейтойын тойлады

100 жастағы ардагер мерейтойын тойлады

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, шекарашы, «Қызыл жұлдыз» орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет» ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович 100 жасқа толды.

Николай Таратунин 1941 жылы құрдастарымен бірге Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украин майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды.

Соғыстан соң ол Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркиямен, Иранмен, Қытаймен, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері Николай Александрович ұлымен бірге тұрады, үш немересі, төрт шөбересі бар. 9 мамырда бәрі жиналып, ардагер аталарын Жеңіс күнімен құттықтайды.

Соғыс ардагерін Алматы әкімдігінің, «Застава Тарландары» ардагер шекарашылардың республикалық қоғамдық ұйымының, ардагерлердің қалалық Кеңесінің, АMANAT партиясының өкілдері, қорғаныс жөніндегі басқарманың әскери қызметшілері, Жас сарбаз әскери-патриоттық клубының жасөспірімдері, ҚР Қорғаныс Күштері әскери-патриоттық орталығы филиалының өкілдері, ҰОС-ның соғысы мен тыл еңбеккерлері ардагерлер Кеңесінің  қоғамдық қоры, ҰҚК шекара қызметінің әскерилері құттықтады.

Әкімдік және кәсіпкерлер әскери шекаралық гарнизонмен, техниканы жөндеу жөніндегі басқарманың және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскерилерімен бірге ардагердің үйін жөндеп, аула айналасын тазартып берді.

Айта кетерлігі, мемлекет, бизнес өкілдері, ҮЕҰ, әскери бөлімшелер тек Жеңіс күні ғана емес, ардагерлерге үнемі қолдау көрсетіп, көмектесіп келеді. Ақшалай төлемдер, түрлі жеңілдіктер жасалып, үйлерінде де, оның ішінде медициналық көмек те көрсетіледі.

 

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 30
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7230
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11095
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7295
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7439