1100-ден астам жоба қаржыландырылды

1100-ден астам жоба  қаржыландырылды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша осы жылы қандай бағдарламалар қолданылатынын айтты.

А.Қошмамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңге сомаға 17 жоба қаржыландырылып, мақұлданды. Айта кетсек, ілеспе жобалардың ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%-да көшбасшы орынға ие, әрі қарай қызмет көрсету саласы.

Жобалардың ең көп саны «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылды. Барлығы 84,5 млрд теңге сомаға 1 199 жобаға көмек көрсетілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды. Бизнесті қаржылай қолдау туралы айта келіп, А.Қошмамбетов биыл «алматылық өндірушілер» пулы құрылғанын хабарлады.

«Біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін оларға барамыз. 25 отандық кәсіпорынға барып, олардың жұмыстарын аралап көрдік», – деп атап өтті Палата директоры.

Нәтижесінде «Аль-Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізеді.

Гауһар Тұрсынқожа, Алматы қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840