12-і қаңтарда барлық автобус маршруттары іске қосылады

12-і қаңтарда барлық автобус маршруттары іске қосылады

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады.  Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал қала маңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минут. 11-і қаңтарда қала көшелеріне 41 бағыт бойынша 500-ден астам автобус шықты. Мына автобус бағдарлары жолаушы тасымалдап жатыр: 34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62. Бүгін қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді.

Ермек САХАРИЕВ
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5673
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5819
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20794
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19419
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22884