130 көше асфальттанып, 6 ауылға ауыз су, 9 ауылға газ тартылды

130 көше асфальттанып, 6 ауылға ауыз су,  9 ауылға газ тартылды

«Жол қадірін жүрген білер демекші, Жамбыл ауданына 2019 жылдың желтоқсан айында әкім болып тағайындалған Сәкен Арубаев өңірдің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату, халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарымен қатар жол жөндеу жұмыстарына айрықша екпін берген. Мысалға, 2020 жылы аудандағы 24 ауылдың 76 шақырым жолы, яғни 96 ауылішілік жолы тақтайдай тегістеліп асфальт төселсе, аудандық мәндегі 8,6 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолына жабынды төмелген. Бұл игіліктерге 1,1 млрд теңге қарастырылып, толықтай игерілген.

Жіктеп айтар болсақ, Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы мен 12 ауылдың 28 ауылішілік жолдарына 206 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп, 22,9 шақырым жол орта жөндеуден өтсе, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 12 ауылдың 61 көшесі мен 1 аудандық мәндегі жолды асфальттауға 702,9 млн теңге қаралып, 50,2 шақырым жол жаңарған. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 5 ауылдың 8 көшесіне 98,4 млн теңге қарастырылып, 5,5 шақырым жол орта жөндеуден өткен. Жалпы өңірде 415 шақырымды құрайтын 517 көше бар болса, бүгінде оның 176 шақырымы асфальт, 239 шақырымына шағалды төсем төселген.

Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да қарқынын жоғалтпады. Жыл соңңына дейін аудандық мәндегі 5 жолды жөндеуге 125,2 млн теңгеге аударылды. Олар: Бесағаш-Юбилейный, Құмтиын-Өрнек-Ерназар, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай бағытындағы жолдар. 

Сондай-ақ 10 ауылдың 26 ауылішілік  жолдарын жөндеуге 309,7 млн теңге бөлінген. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 6 ауылдың 10 көшесі және аудандық бюджет есебінен 8 ауылдың 16 көшесі асфальттанады.

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудан әкімі Сәкен Қаланұлының пікірін білген едік.

 – Алғаш жұмысқа кіріскен күннен бастап тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, ауылдарда көшпелі қоғамдық кездесулер ұйымдастырдық. Араға бірнеше ай салып жыл қорытындысы бойынша 17 ауылдық округте болып, жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп бердім. Есептік кездесуде тұрғындардың айтар ұсыныс-пікірлерін хаттамаға толтырып, барлығын жазып алдық. Сол азаматтардың талап-тілегін саралай отырып, басым көпшілігі жол мәселесі екенін аңғардық. Кейіннен мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын, «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен аудандық бюджетті халық алдында берген уәделердің орындалуына жұмсадық. Жаңылмасам екі жылдың қорытындысы бойынша 130-ға жуық жол асфалттанады. Бұл біздің жоспар болатын. Бұдан бөлек осы екі жыл ішінде Ақбұлым, Жасөркен, Қызылқайнар, Бәйтерек, Шоқай, Қаратау елді мекендеріне сапалы ауыз су жүргізсек, Шайдана, Рахат, Ащыбұлақ, Тастөбе, Еңбек, Өрнек, Ерназар, Жұма, Қаракемер ауылдарына «көгілдір отын» жүйесін ауылішілік көшелеріне тарттық. Келер жылы аталған ауылдарды табиғи отынмен қамтылатын болады. Сондай-ақ Бесағаш пен Түрксіб елді мекеніне ауыз су тартуға 1,4 млрд қаражат қарадық. Жұмыстар басталуда. Ауыл азаматтарына жер телімін үлестіру, кезектіліктіқысқарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін 7 ауылдағы 2000-ға жуық жер телімі тұрғындарға берілетін болады, – дейді аудан басшысы С.Арубаев.

Ақжігіт Жетпісбай
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 68
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 72
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 80
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 70
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 77
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 75
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 296

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9308
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8702
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11931
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9704
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10912