140 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерге жолданады

140 мыңнан астам   оқушы жазғы   лагерьлерге жолданады

Атырау облысында 154 мыңнан аса оқушы білім алса, олардың 93 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Қазір өңірде балалар лагерьлерінің барлығын лицензиялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Биыл Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологі» емдеу пансионатында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан 1500 оқушы демалады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Индер ауданындағы «Жас өркен» лагерінде 1008 бала, ал Махамбет ауданындағы «Арай» лагерінде 420 оқушының жазғы тынығуы ұйымдастырылады. 

Атырау облыстық білім беру басқармасы тәрбие бөлімінің бас маманы Қадыржан Сапаровтың айтуынша, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жергілікті бюджет есебінен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл бағытта «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ өңірде білім беру ұйымдары жанынан 100-ге жуық балалар лагерін ашу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде оқушылар тамақпен қамтылса, қалғаны бейіндік бағытта жұмыс істейді. Бұдан бөлек, шатырлы және киіз үй форматындағы лагерьлер ұйымдастырылып, онда 10 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. Сондай-ақ өзге өңірлерге 500-ге жуық оқушыны жіберу көзделген.

 

А. ХАМИТТЕГІ
23.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950