17 МАМЫР БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

17 МАМЫР  БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов Байланыс және ақпараттандыру саласының қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
- Бүгінде қоғамды байланыссыз елестету мүмкін емес. Байланыс саласы мамандарының байланыс және ақпараттандыру саласына қосып келе жатқан үлесі қомақты. Елді үздіксіз байланыс және ақпараттандырумен қамтамасыз ету – бұл күнделікті қажырлы еңбекті, озық жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалануды қажет етеді. Әсіресе, жаңа жобалармен жұмыс істеу, елді мекендерді ұялы телефон байланысымен, интернет желісімен толықтай қамтамасыз ету бағытындағы еңбектеріңіз еселі.
Сондықтан байланыс саласының қоғамдағы орны ерекше, - деген Сәкен Үмбетұлы кәсіби мереке иелерінің дендеріне саулық, отбастарына амандық, жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық даумына үлес қосып келе жатқан бір топ сала мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марпатталды.
Аудандық телекоммуникация және байланыс торабының бастығы Н. Данияров мереке күні құрметке бөленіп отырған әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан басшыларына өзінің ризашылығын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігі
17.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5141
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5301
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20263
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18904
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22363