Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жаңатас көпсалалы колледжі» МКҚК-нің директор Н.Е.Туйтебаева және ЖШС «КАЗФОСФАТ» филиалы «Қаратау» ТКӨК –нің директоры М.М.Макишев арасында жасалған корпоративтік басқару (Шефство) туралы 2 жақты МЕМОРАНДУМ -ға қол қойылды.
МЕМОРАНДУМ негізгі бағыттарымен міндеттері:
Тау-кен өнеркәсібінің электромеханикалық жабдықтарына, өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу және байыту, зертханалық технология, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы, маркшейдерлік және дәнекерлеу ісі бойынша білім беру процесін жетілдіру және жақсарту саласындағы кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында осы Меморандумды жасасты. Кадрларды нысаналы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің электромеханикалық жабдықтарына, өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу және байыту, зертханалық технология, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы, маркшейдерлік және дәнекерлеу ісі бойынша білім беру процесін жетілдіру және жақсарту саласындағы кәсіпорындар үшін дуальды оқыту технологиясы бойынша ынтымақтастықты дамыту.
Жаңатас көпсалалы колледжінің базасында үйлестіру оқу орталығымен кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттаудың салалық оқу-әдістемелік кластерін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды корпоративтік басқару (шефтік) жүйесін құру
ЖШС «КАЗФОСФАТ» филиалы « Қаратау » ТКӨК фосфатты қазу, өңдеуден бастап, қажет жерге жеткізудің жеке жолын сала отырып, шикізаттан соңғы өнімге дейін өзіндік қаржыландырумен темір-жол кешендік жолын пайдалананып отырған Қазақстан территориясындағы бірден бір компания. Компанияның басты жұмыс түрі –геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын табу және қайта өңдеу, сары фосфорды өндіру және тарату, және оның минеральдық тыңайтқыш пен азықтық фосфатқа пайдалану. Компанияның жұмысы - Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудағы күрделі мәселелерді шешуге, әлем нарығына сапалы, шикізат шығаруға , жоғары технологиялық тауар шығарудағы беделін көтеруге бағытталған.
Компанияның Жаңатас қаласында орналасқан тау-кен өндіру кешенінде білімгерлер арнайы цехтарда өндірістік,біліктілік алу, дипломалды іс-тәжірибелерінен өтіп келеді және кешен әкімшілігі колледжде ұйымдастырылатын іс-шараларға үзбей қатысады.
Әлеуметтік серіктес ретінде «Казфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК-тің базасында өндірістік практикадан өтуді ұйымдастыру шарттары туралы сұрақтармен, жаңа оқу жылына арналған үш жақты келісім шарт жасалды. Өндірістік практикадан өту кезеңінде оқушыларды мүмкіндігінше вакантты бос орындарға орналастыруға . Алған мамандықтарына және біліктіліктеріне сәйкес , Жаңатас көпсалалы колледжін бітіруші түлектерін мүмкіндігінше жұмысқа қабылдауға, сонымен бірге еңбек ұжымында тұрақтануына жағдай жасауға ықпал етуде.
Дуальдық оқыту жүйесі бойынша
2022 -2023 оқу жылында 274 ( 52% ) білімгерлермен 3 жақты келісім шарт
9 мамандық 13 біліктілік бойынша жасылынды.