200 гектар жерге 10 мың түп тал егілді

200 гектар жерге  10 мың түп тал егілді

Экологияны жақсарту мақсатында өңірдегі мұнай компаниялары қала іргесіндегі құнарлы жерлерге тал егу жұмыстарын жүргізуде. Соның ішінде «NCOC» компаниясы 1 жыл ішінде 134 гектар жерге 100 мың түп тал екті. 

– Біз 2 жыл бұрын тал егуді бастадық. Өзіміздің арнайы агротехникамызбен жер жыртып, суару жүйесін де заманауи бағытта жүргізудеміз. Себебі, 100 мың ағашқа 2-3 күнде айналып келу оңай емес. Оған қоса, сапалы тыңайтқыштарды қолданып отырмыз. Тал егу тобында білікті мамандар бар. Техниканың 70 пайызы автоматтандырылған, – деді «NCOC» компаниясына қарасты «Жер-Ана» мекемесінің басшысы Жұмабек Шәменов.

Ірі мұнай-газ кәсіпорындарымен жасақталған меморандум бойынша көгалдандыру жұмыстары 10 жылға дейін жалғасады. Жоба аясында «ТШО» ЖШС-не 1722,1 га, «NCOC» компаниясына 1373,5 га, «АМӨЗ» ЖШС-не 1420,9 гектар жер учаскесі бөлінді. Ал «Ембімұнайгаз» АҚ қала аумағын көгалдандырады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметтері бойынша дайындалды.

 

Күміс ҚАЛТЫКЕЙ
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14559
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13341
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16637
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15511
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20580